15.04.2025

«Қазавиақұтқару» АҚ Airbus Helicopters ұйымдастырған Safety Road Show шарасына қатысты

Астана қаласындағы AIFC Expo ғимаратында өткен Safety Road Show іс-шарасына «Қазавиақұтқару» АҚ өкілдері қатысты. Іс-шараны Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering компаниясы ұйымдастырды.

Safety Road Show — авиациялық операторлар арасында ұшу қауіпсіздігі мәдениетін дамытуға бағытталған бастама. Бағдарлама аясында нұсқаушы ұшқыштар, жетекші инженерлер мен авиациялық қауіпсіздік саласының сарапшылары сөз сөйлеп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи стандарттарды енгізу және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

«Қазавиақұтқару» АҚ осындай кәсіби диалог алаңдарына қатысу мүмкіндігін жоғары бағалайды және еліміздегі авиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.