Астана қаласының әуе көлік прокуратурасында көлік кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбек құқықтарын сақтау жөнінде жұмысшы топ құрылды

bkp_astana

Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы алқасының кеңейтілген мәжілісінің шешімін орындау мақсатында, Астана қ. Әуе көлік прокуратурасы базасында жұмыс берушілер, кәсіподақ, аймақтық еңбек инспекциясы, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы өкілдері тартылып жұмысшы топ құрылды.

Жұмысшы топтың негізгі мақсаттары көлік кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету,  жұмыс берушілермен және еңбек ұжымдарымен тығыз өзара әрекеттесіп кәсіподақтарға жүктелген  құқық қорғаушылық және өкілеттік функцияларды тиісті орындау, еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік шиеленіс деңгейінің тұрақты мониторингін жүргізу, қызметкерлердің құқықтарын сақтау жөніндегі қажетті ақпараттар мен материалдарды жұмысшы топтың мәжілісіне енгізу, сондай-ақ жұмысшы топтың ұсынымдарының орындалуын бақылау болып табылады.

Еңбек құқықтары бұзылған немесе бұзылуы мүмкін жағдайда, Сіз келесі байланыс телефондарына  хабарласа аласыз:

- Торабеков Н.К. – Астана қ. Әуе көлк прокуратурасының аға прокуроры (тел.: 8-7172-43-33-35);

- Жандосов Р.С. – Астана қаласы бойынша құрылыс саласындағы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің аға маманы  (тел.: 8-7172-20-22-38);

- Ахметбеков Б.А. – «Қазавиақұтқару» АҚ ұйымдық-кадр жұмыс бөлімінің бастығы (тел.: 8-7172-78-82-82 (ішкі 703)).

                                                                          Астана қаласының Әуе көлік прокуратурасы

Comments are closed.