ҚР ІІМ ТЖ комитетінің авиациясы Қазақстанның биоәртүрлі жағынан қорғалуын қамтамасыз етеді

1465984497_preparations-the-saiga-census-2016-was-done-from-a-helicopter-according-to-scientific-standards-samlegareyev-33
Ағымдағы жылғы 15 тамыздан бастап Батыс Қазақстан облысында ҚР ІІМ ТЖ комитетінің «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшақтары көмегімен киіктердің басын есепке алу, сақтау және оларды сұғанақ аңшыдан қорғау жұмыстары басталды. Көрсетілген жұмыстарды ҚР АШМ-нің «Охотзоопром» кәсіпорны жүргізуде. Осы жұмыстар Қостанай облысында 1 қазаннан бастап жалғастырылады.
Сонымен қатар қызыл кітапқа енген жануарлардың басқа түрлеріне де көңіл аударылады. Осы жылдың күз айында Алматы, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында қарақұйрықтарды, уриалдар мен құландарды есепке алу және оларды қорғау үшін тікұшақтар көкке көтеріледі.
Осылайша, ҚР ІІМ ТЖК авиация экипажы төтенше жағдайларды жою жұмыстарынан басқа азаматтарды кұтқару жұмыстарын да жүргізеді. «Қазавиақұтқару» АҚ қызметкерлері Қазақстанның таңғажайып флорасы мен фаунасын біздің ұрпақ үшін сақтауға тікелей атсалысты.
Үкімет 2016 жылдың басынан бастап киіктердің қырылуына жорл бермеу бойынша бірқатар алдын алу шараларын қабылдады. Мәселен, Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау ассоциациясымен және «Қазавиақұтқару» АҚ-мен бірігіп ағымдағы жылғы көктемде бетпақ дала, орал және үстірт киіктерді әуеден есепке алу жұмыстарын жүргізді. Әуеден есепке алу жұмыстары «Қазавиақұтқару» АҚ иелігіндегі ЕС-145 (Eurocopter) заманауи тікұшақтарымен жүргізілді.
ҚР ІІМ ТЖ комитеті

Comments are closed.