Лас-Вегаста Халықаралық тікұшақ қауымдастығының жыл сайынғы 70-ші конференциясы мен мамандандырылған көрмесі өтті

Лас-Вегаста 2017 жылдың 26 ақпанынан 1 наурызына дейін Халықаралық тікұшақ Қауымдастығының жыл сайынғы 70-ші конференциясы мен мамандандырылған көрмесі өтті.
Көрмеге Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры қатысты.
Көрмеде 200-ден астам қызмет көрсету компаниялары мен тікұшақтар үшін қосалқы бөлшектер, медициналық, өрт сөндіру, құтқару және басқа да жабдықтар өндірушілері қатысты.
26 ақпанда «Казавиақұтқару» АҚ делегациясы тікұшақ өнеркәсібінің дамуы мен даму саласындағы нәтижелері ұсынылған Airbus group компаниясының Bell, Sikorsky, Leonardo Helicopters презентацияларына қатысты. Сондай-ақ, делегация тікұшақ өнеркәсібі саласындағы ұшудың қауіпсіздігін арттыру жөніндегі пікірсайыстарға қатысты.
Қазақстандық делегация әлемдік өндіріс компанияларымен бірқатар кездесулер өткізді.
Мәселен, Safran Helicopter Engines компаниясының коммерциялық директоры Фрэнсис Ларрибо мырзамен кездесу өтті.
Safran Helicopter Engines компаниясы EU-145 (Еврокоптер) тікұшақтарына орнатылған Turbomeca 1E2 қозғалтқыштарының өндірушісі болып табылады. Келіссөздер барысында Ларрибо мырза Safran Helicopter Engines бірнеше жыл бойы аймақтағы ЕО-145 тікұшақтарының ең ірі операторы ретінде «Казавиақұтқару» АҚ-мен байланыс орнатуға тырысқанын атап өтті. «Казавиақұтқару» АҚ басшылығы қозғалтқыштарды тексеру және жөндеу, сондай-ақ қозғалтқышты қызмет көрсетуге арналған техниктерді дайындау мәселелері бойынша ынтымақтастыққа дайын екендігін атап өтті. Бүгінгі таңда Қоғам қаралып отырған келісімнің жобасын алды.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі

Comments are closed.