Ақпараттық хабарлама!

«Қазавиақұтқару» АҚ Түркістан к-сі, 8/2 мекенжайында орналасқан «Қазавиақұтқару» АҚ кеңсесінде 2017 жылдың 17 ақпанында сағат 10.30-да мүлікті сату аукционының өткізілетіндігін  хабарлайды.

Голланд әдісі бойынша (бағасының төмендеуіне қарай) өткізілетін аукционға мыналар қойылады:

 Лот №1. ТУ-134А әуе кемесі, 1975 жылы шығарылған, зауыттық нөмірі №31218, тіркеу нөмірі №UP-T3405, қозғалтқыш түрі – Д-30 3 сер. ТА-8. Теңгерімұстағыш – «Қазавиақұтқару» АҚ.  Бастапқы бағасы 138 453 000  (жүз отыз сегіз миллион төрт жүз елу үш мың) теңге.

Лот №2. ТУ-134А әуе кемесі, 1975 жылы шығарылған, зауыттық нөмірі №40150, тіркеу нөмірі №UP-T3406, қозғалтқыш түрі – Д-30 3 сер. ТА-8. Теңгерімұстағыш – «Қазавиақұтқару» АҚ.  Бастапқы бағасы 69 226 000 (алпыс тоғыз миллион екі жүз жиырма алты мың) теңге.

Лот №3. ТУ-134А әуе кемесі, 1977 жылы шығарылған, зауыттық нөмірі №49912, тіркеу нөмірі №UP-T3407, қозғалтқыш түрі – Д-30 3 сер. ТА-8. Теңгерімұстағыш – «Қазавиақұтқару» АҚ.  Бастапқы бағасы 110 762 000 (жүз он миллион жеті жүз алпыс екі мың) теңге.

Лот №4. ТУ-134А әуе кемесі, 1977 жылы шығарылған, зауыттық нөмірі №49908, тіркеу нөмірі №UP-T3408, қозғалтқыш түрі – Д-30 3 сер. ТА-8. Теңгерімұстағыш – «Қазавиақұтқару» АҚ.  Бастапқы бағасы 138 453 000  (жүз отыз сегіз миллион төрт жүз елу үш мың) теңге.

Лот №5. ТУ-154М әуе кемесі, 1993 жылы шығарылған, зауыттық нөмірі №93А965, тіркеу нөмірі №UP-T5406, қозғалтқыш түрі – Д-30КУ-154 2 сер. ТА-6А. Теңгерімұстағыш – «Қазавиақұтқару» АҚ.  Бастапқы бағасы 304 842 000 (үш жүз төрт миллион сегіз жүз қырық екі мың) теңге.

Лот №6. Ми-17В-5 әуе кемесі, шығарылған жылы көрсетілмеген, зауыттық нөмірі №398М23, тіркеу нөмірі №UP-MI707, қозғалтқыш түрі – көрсетілмеген. Теңгерімұстағыш – «Қазавиақұтқару» АҚ.  Бастапқы бағасы 47 410 000 (қырық жеті миллион төрт жүз он мың) теңге.

Лот №7. Ми-8Т әуе кемесі, 1977 жылы шығарылған, зауыттық нөмірі №9775303, тіркеу нөмірі №UN-25700, қозғалтқыш түрі – көрсетілмеген. Теңгерімұстағыш – «Қазавиақұтқару» АҚ.  Бастапқы бағасы 6 972 000 (алты миллион тоғыз жүз жетпіс екі мың) теңге.

Лот №8. Ми-8Т әуе кемесі, 1982 жылы шығарылған, зауыттық нөмірі №98206781, тіркеу нөмірі № UP-MI845, қозғалтқыш түрі – ТВ2-117А. Теңгерімұстағыш – «Қазавиақұтқару» АҚ.  Бастапқы бағасы 57 148 000 (елу жеті миллион жүз қырық сегіз мың) теңге.

Лот №9. Ми-8Т әуе кемесі, 1982 жылы шығарылған, зауыттық нөмірі №98206757, тіркеу нөмірі № UP-MI846, қозғалтқыш түрі – ТВ2-117А. Теңгерімұстағыш – «Қазавиақұтқару» АҚ.  Бастапқы бағасы 58 116 000 (елу сегіз миллион жүз он алты мың) теңге.

Кепілдеме жарнасы – лоттың (лоттардың) бастапқы бағасының 1% теңге көлемінде, ол кассаға немесе Сатушының келесі есеп айырысу шотына енгізіледі:

«Қазавиақұтқару» АҚ

СТН 600500543549

БСН 050440005787

ЖСН KZ504500339860000410  (KZT)

«Астана банкі» АҚ Астаналық филиалы

Бек 16

Қатысушы ретінде тіркелу үшін ұсынылатындар:

- Сауда-саттыққа қатысушы Жеңімпаз ретінде жариялаған жағдайда, ақпараттық хабарламада белгіленген талаптарға сәйкес активтерді сатып алу – сату шартын жасасуға  оның жазбаша міндеттемесін қамтитын  сауда-саттыққа қатысу туралы өтінімі;

- паспорт немесе  жеке тұлғаны куәландыратын басқа құжат;

- ағымдағы шоттың бар болуын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасы;

- кепілдеме жарнасының енгізілгендігін растайтын төлем құжатының көшірмесі және көшірмелердің түпнұсқалылығын растау үшін төлем құжаттарының түпнұсқасы;

- өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;

- ҚР заңды тұлғалары жарғының, статистикалық карточка мен заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәліктің нотариуста расталған көшірмелерін табыс етеді. Шетелдік заңды тұлғалар нотариуста расталған орыс тіліне  аударылған құрылтайшылық құжаттарды табыс етеді.

Өтінімдерді қабылдау мен сауда-саттыққа қатысқысы келетін тұлғаларды тіркеу талап етілген құжаттардың толық жинақтамасы болған жағдайда ғана жасалады.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу осы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталады және Астана қ., Түркістан к-сі, 8/2 мекенжайында орналасқан «Қазавиақұтқару» АҚ кеңсесінде аукционның басталуына 3 сағат қалғанда аяқталады.

Сауда-саттықты өткізу ережелері Голланд әдісі:

Аукционшы активтің бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, оны жарияланған қадамға төмендетеді. Аукционшы жарияланған баға кезінде аукциондық нөмірді бірінші көтерген Қатысушының нөмірін айтады және балғаны соғумен оны осы актив бойынша Жеңімпаз деп жариялайды. Аукционшы активтің ең төмен бағасын жариялаған кезде ешбір Қатысушы осы активті сатып алуға ниет білдірмесе, осы актив сауда-саттықтан алынып тасталады.

            Бағаны жариялау сәтінде бірден екі немесе одан артық нөмір көтерілсе, Аукционшы Жеңімпаз анықталғанға дейін тұрақтандырылған қадам мөлшеріне бағаны арттыруға бастайды. Жарияланған қадам голланд әдісі бойынша сауда-саттықта белгіленген қадамға тең болуға тиіс, бірақ арту жағына қарай. Бағаны арттыру кезінде сауда-саттыққа қатысқан, өз нөмірлерін бір уақытта көтерген тұлғалардың ешқайсысы оны арттырылған бағамен сатып алуға ниет білдірмесе, Аукционшы жеребе тастау рәсіміне жүгінуге құқылы.

Актив бойынша сауда-саттық өткізілген мезетте пайдаланылмаған кепілдік жарнасы бар бір ғана тіркелген Қатысушы болса, ондай сауда-саттық, актив жалғыз Қатысушыға берілуі мүмкін үшінші және одан кейінгі сауда-саттықтарды қоспағанда, өтпеген деп танылады.

Comments are closed.