ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазавиақұтқару» АҚ әуе кемелерінің көмегімен киіктер санын әуеден санаудың қорытындысын жариялады

Photo1_мал

2016 жылғы 18 сәуір мен 3 мамыр аралығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстандағы киіктер санын әуеден санау жұмыстарын жүргізген.

Министрлік Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы және «Қазавиақұтқару» АҚ бірлесе отырып киіктердің Бетпақдала, Орал және Үстірт популяцияларын әуеден санады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарламасына сәйкес, әуеден санау жұмыстарының нәтижесінде 2016 жылы киіктердің жалпы саны 108300 құрады, оның ішінде бетпақдала популяциясының саны – 36200, орал популяциясының саны – 70200 және үстірт популяцисының саны 1900 құрады.

«Қазавиақұтқару» АҚ тарапынан аталған жұмыстарға ұшу қызметінен әуе кемелерінің командирлері М.Б. Шнарбеков пен А.И. Нұфти,  2-ші тікұшақ авиаэскадрильясы командирінің орынбасары Т.М. Уналбаев, ұшқыш-инспектор А.М. Бегун, ал инженерлік-авиациялық топтан ҰАжҚ жөніндегі инженерлер Н.Ж. Жамалов пен Е.Н. Құдайберген, АжРЭЖ жөніндегі авиатехниктер Қ.У. Әбдірайымов пен Н.М. Елеусінов, жанар-жағармай материалдары жөніндегі авиатехник К.Т. Қарқабатов, сондай-ақ қамтамасыз ету тобынан өрт қауіпсіздігі жөніндегі инспектор Н.В. Светлов, жүргізушілер И.Н. Ким мен Б.К. Үкібаев қатысқан болатын.

Әуеден санау жұмыстарына «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамында пайдаланылып жүрген заманауи ЕС-145 (Eurocopter) тікұшақтары қатыстырылды. Тікұшақтардың осы үлгісі экипажға түсітен жүктемені айтарлықтай азайта отырып ұшу үдерісін барынша автоматтандыруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық сандық аспаптық-навигациялық кешендерді пайдалану арқылы Қазақстанның бүкіл аумағында түрлі операцияларды орындай алады. Ұшқыштар, экипаж бен жолаушыларға жайлы ұшуды және тамаша көріністі қамтамасыз ету үшін тікұшақтың кең әрі басым бөлігі шыныдан жасалған салоны бар.

Comments are closed.