Компания жөнінде

      Бүгінгі күнде Қазақстан авиациялық тасымалдар нарығының ерекше даму серпініне ие.

Экономиканың дамуы, қазақстандық бизнес жүргізу үлгісінің ерекшелігі жүк әуе тасымалдары қызметтеріне деген сұраныстың тұрақты түрде өсуіне себепші болып отыр. Ірі компаниялар мен табысты кәсіпкерлер жүктерді тасымалдау үшін жиі әуе кемелеріне жүгінетіндігі баршаға аян.

«Қазавиақұтқару» әуе компаниясы авиациялық жолаушылар және жүк тасымалдары саласында жұмыс атқарып келеді. «Қазавиақұтқару» әуе компаниясы қызметкерлерінің чартерлік рейстерді ұйымдастырудағы кәсіпқойлығы алыс және жақын жатқан шетел мемлекеттеріне тапсырыс бойынша рейстерді жедел түрде орындауға мүмкіндік береді.

Осының арқасында Тапсырыс беруші өз уақыты мен қаражатын үнемдеуге мүмкіндік алады. Одан басқа, компаниямыз чартерлік рейстерді тек Астана қаласынан ғана емес, Қазақстан Республикасының басқа да әуежайларынан орындай алады.

«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының құрылуы мен даму тарихы

    Бүгінгі күнде табиғи катаклизмдер, техногендік апаттар дер кезінде және тиісті түрде әрекет етуді талап етеді, сол себепті «Төтенше жағдайлар» ведомствосына шұғыл, әрі оңтайлы түрде әрекет етуге мүмкіндік берген «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы атты ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің жеке авиациясының негізі қаланды.

«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының тарихы 2002 жылдан бастау алады.  2002 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің  «Өрт сөндіруші» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның құрамында авиациялық бөлім қалыптасты. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 2002 жылғы 26 тамызында  №638 бұйрығымен «Өрт сөндіруші» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылымында Қазақстан Респібликасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт сөндіру мен авариялық құтқарудың қазақ авиациялық қызметі» авиациялық  бөлімшесінің филиалы ашылды.

2005 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» № 53 қаулысының негізінде  «Қазавиақұтқару» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның негізінде Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жаңа құрылымдық бөлімшесі – «Қазавиақұтқару» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны пайда болды.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар» туралы Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің тиісті шешімдеріне сәйкес, «Қазавиақұтқару» мемлекеттік республикалық кәсіпорны  2011 жылдың 4 сәуірінде жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыздық қатысу үлесі бар «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамы қызметінің негізгі мәні – ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласында авиациялық қызмет көрсету және азаматтық авиация саласында өзге шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру.

ҚР ІІМ ТЖК әуе кемелері төтенше жағдайлар орын алған жерлерге гуманитарлық жүк, құтқару жасақтарын және арнайы жабдықтарды жеткізеді. Одан басқа, су тасқыны аймақтарында және Алматы қаласының тау бөктерінде мұз басу жағдайына барлау жүргізеді, апаттардан кейін қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз етеді, апатқа ұшыраған кемелердегі балықшыларды құтқарады, орман және дала өрттерін сөндіреді.

«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының ұшақтарымен шетелге, атап айтқанда,  Пәкістан, Түркия мен Жапонияға 154 тонна гумантарлық жүк жеткізілді. Осыған қоса, түрлі себептерге байланысты Қазақстанға орала алмаған қазақстандық туристерді елге қайтару мақсатында Түркияға бірнеше рейс жасалған болатын.

«Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің түрлі төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша қызметіндегі орны бөлек. Мысалы, Алматы, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында орын алған ауқымды су тасқындары кезінде  ұшқыш-құтқарушылар бірнеше мың адамды көшіріп, олардың өмірлерін сақтап қалды.

Сонымен қатар Қоғам  Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлестікте Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын орындауға қатысуда. Бұл бағдарламаның шеңберінде Қоғамның әуе кемелері  білікті медициналық мамандарды белгіленген жерге жеткізу мен шалғай жатқан елді мекендердегі науқастарды мамандырылған жедел медициналық көмек көрсету үшін аудандық, облыстық, республикалық медициналық мекемелерге тасымалдау бойынша ұшуларды орындап жүр.

Авиациялық парк ойдағыдай жаңартылуда. Қазіргі уақытта ол төтенше жағдайлар кезінде және зардап шеккендерді құтқару кезінде медициналық көмек көрсетуге арналған мамандырылған заманауи авиациялық техникамен толықтырылып отыр.

Қазіргі таңда «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының авиапаркінде ұшақтардан Ил–76ТД, Ан–12БК, Ту–154М, Ту–134А және тікұшақтардан Ми-171, Ми-8Т, Ми-8МТВ, Ми-17В-5, Ми-26 мен заманға сай медициналық модульдермен жабдықталған ЕС-145 (Eurocopter) және биік ғимараттардағы өрттерді сөндіруге арналған SIMPLEX жабдығы орнатылған көп мақсатты Ка-32 тікұшақтары бар.