«Қазавиақұтқару» АҚ техникалық құрамы жаңа МИ-171 тікұшағымен толықты

IMG_4398

Қазақстанның әуе құтқару қызметі жаңа заманауи МИ- 171 тікұшағымен толықты. Ресей Федерациясында жасалған әуе көлігі 11 – желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де Алматы қаласындағы «Боралдай» әуежайына келіп қонды. Аталған тікұшақ құтқару – іздеу, өртке қарсы, жолаушылар және жүк тасымалдау, медициналық, патрульдік және көліктік қызмет көрсетуге пайдаланылады. Бұл үшін SX – 16 прожекторы, ВСУ – 5 А жабдықтары және  жүкшығырмен жабдықталған. Сондай-ақ кез келген климаттық ахуалда: құрғақта, теңіз, тропикалық және суық климат пен теңіз суынан тұманда ұшуға қолайлылығымен ерекшеленеді. Таулы және сулы аумақтарға ұшып-қонуына ыңғайлы құрастырылған. МИ-171 ұшу қауіпсіздігі бойынша А дәрежелі, сондай-ақ FAR- 29 талаптарына сәйкес келеді.

Айта кетейік, осылайша «Қазавиақұтқару» АҚ иелік ететін әуе кемелерінің саны 32-ге жетті.  Компанияның авиапаркінде ұшақтардан Ил–76ТД, Ан–12БК, Ту–154М, Ту–134А және тікұшақтардан Ми-171, Ми-8Т, Ми-8МТВ, Ми-17В-5 және әлемдегі ең үлкен тікұшақ – Ми-26 мен заманға сай медициналық модульдермен жабдықталған ЕС-145 (Eurocopter) және биік ғимараттардағы өрттерді сөндіруге арналған SIMPLEX жабдығы орнатылған көп мақсатты Ка-32 тікұшақтары бар.

 Жаңа техниканы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті мен «Қазавиақұтқару» АҚ-ның  арнайы комиссиясы ресейлік  экипаж мүшелерінен қабылдап алды. Рәсім барысында «Қазавиақұтқару» АҚ басшылары мен РФ ұшқыштары  тікұшақтың техникалық сипаттамасы, қолданылу жағдайы туралы Қазақстан Ұлттық телеарнасы, МИР-24 телеанасы, Казахстанская правда және өзге де   Ақпарат агенттіктері мен интернет порталдардың  тілшілерінің сұрақтарына жауап берді.

ҚР ІІМ ТЖ комитеті «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметі 

IMG_4396 IMG_4392 IMG_4359

Comments are closed.