Тәуелсіздік күні құтты болсын!

HPIM0917

Құрметті әріптестер!

          Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!

         Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Сондықтан Тәуелсіздік Күні — біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлы мерекелерінің бірі және мемлекеттігіміздің алтын қазынасы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бағдары, кемел келешегіміздің кепілі!

        Қазақстан алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтеріліп көптеген табыстарға қол жеткізді.

        Өткен уақыт аралығында мемлекетіміздің аумағындағы жерлердегі төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша тапсырмаларды жоғары деңгейде шешуге қабілетті, жедел әрекет ететін қуатты және шұғыл жүйесі қалыптасты. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған саясатының нәтижесі арқасында болып отыр және де осындай биіктіктерді бағындыруына Сіздердің де сүбелі үлес қосқандарыңыз деп білеміз. Өйткені «Қазавиақұтқару»АҚ қызметкерлерінің кәсібилігі, батылдығы мен қайсарлығы, адамдарды құтқару ісіндегі қызметі – еліміздегі ең жоғарғының бірі. Осы жұмыстың нәтижесі – мыңдаған құтқарылған өмірлер. Әр қайсымыз өзімізге жүктелген міндетімізді атқару арқылы, елімізді әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына қосып, қарқынды дамытып, өркендей беруіне үлес қосамыз. Ал, бұл біздің қастерлі де қасиетті борышымыз!

        «Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын» деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі жолындағы еңбегіміз жана берсін!

       Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай.

      Әрқайсымыздың қажырлы еңбегімізбен сүйікті Отанымыз  Қазақстан гүлдене көркейіп, нығая берсін!

«Қазавиақұтқару» АҚ  Бас  директоры   С. Капаров

Comments are closed.