Қызметіміз

Home »  Қызметіміз

Компаниямыз Ту-134А, Ту-154М, Ил-76ТД, Ан-12БК ұшақтары мен МИ-171, МИ-8Т, МИ-8МТВ, МИ-17В-5, КА-32А11ВС, ЕС-145 тікұшақтары арқылы жолаушылар мен жүктер тасымалын ұйымдастыруға әрқашан дайын.

«Қазавиақұтқару» әуе компаниясы өзін сенімді серіктес ретінде танытып, көп жылдар бойы көптеген қазақстандық әуе компанияларымен және шетелдік операторлармен тығыз іскери қарым-қатынаста жұмыс істеп жүр.

Компанияның сертификатталған диспетчерлік қызметі «Қазавиақұтқару» әуе компаниясының әуе кемелерінің ұшуларын тәулік бойы қамтамасыз етеді, осының арқасында орындалатын рейстердің сапасы жоғары деңгейге ие.

Қоғам қызметінің мәні және түрлері

Қоғам қызметінің негізгі мәні азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға авиациялық қызметтерді көрсету және азаматтық авиация саласында басқа шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Қоғам қызметінің негізгі мәнін жүзеге асыру мақсатында, мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

1) азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік уәкілетті органға, оның аймақтық құрылымдық бөлімшелерінің және ерікті құтқару құрылымдарының жеке құрамы мен жүктерін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар аймақтарына жеткізу бойынша көліктік-жолаушы ұшуларды орындау;

2) зардап шеккен тұлғаларды, тұрғындарды және мүлікті төтенше жағдайлар аймағынан көшіру бойынша ұшуларды орындау;

3) төтенше жағдайлар аймақтарына гуманитарлық жүктерді жеткізу бойынша ұшуларды орындау;

4) республикалық және халықаралық жаттығуларға, БҰҰ, ЕҚЫҰ және азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган арқылы  халықаралық ұйымдар мен басқа мемлекеттік басқару органдарының халықаралық жобаларына қатысу;

5) іздеу-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі ұшуларды орындау, табиғи апаттар кезінде көмек көрсету;

6) авиациялық техника мен оның бөлшектеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі қызметтерді көрсету;

7) халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық іс-шараларды өткізу жөніндегі ұшуларды орындау;

8) жолаушыларды, жолжүгін, жүктер мен поштаны әуемен тасымалдау;

9) аэрофототүсіру, картографиялық-геофизикалық және әуе-химиялық жұмыстарды жүргізу жөніндегі ұшуларды орындау;

10) орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі ұшуларды орындау;

11) құрылыс-монтаж және жүкті тиеу-түсіру жұмыстарын қамтамасыз ету жөніндегі ұшуларды орындау;

12) көлік-байланыс ұшулары;

13) теңіз кемелерінен және теңіздегі бұрғылау қондырғыларынан, мұнай-газ секторындағы жасанды аралдардан вахталық бригадаларды, жабдықтарды, т.б. тасымалдау жөніндегі ұшуларды орындау;

14) әуежайлық қызметтерді жүзеге асыру;

15) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін далалық, сулы, орманды және таулы жерлерде патрульдеу жөніндегі ұшуларды орындау;

16) өрттердің алдын алу және оларды сөндіру жөніндегі ұшуларды орындау;

17) бақылау және ескерту қызметтерін ұйымдастыру жөніндегі ұшуларды орындау (бекеттерге жеткізу және оларға қызмет көрсету);

18) жағдайды (сел тасқындары, су тасқындары, көшкіндер және т.б.) кешенді бағалау мақсатында аймақтарды әуеден шолып ұшу;

19) түздегі экспедициялық жұмыстарға қызмет көрсету жөніндегі ұшулар;

20) электр тарату мен магистральді құбыр желілерін тексеру жөніндегі аэровизуалды ұшулар;

21) ұшу құрамының кәсіби деңгейін сақтау және жаңа техниканы игеру үшін жаттығу мақсатындағы ұшуларды орындау;

22) ресми тұлғаларды, үкімет делегацияларын және басқа заңды тұлғаларды тасымалдау қызметтерін көрсету жөніндегі тендерлерге қатысу;

23) ресми делегациялар үшін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде литерлік (чартерлік) рейстерді ұйымдастыру мен орындау;

Мемлекеттік лицензиялауға жататын қызметті Қоғам сәйкес лицензия болған кезде жүзеге асырады.

Қоғам оны құрудың мақсаттарына қайшы келмейтін басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.

Comments are closed.