Алматы облысында «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының жаңа МИ-171Е тікұшағы кезекшілік етуге кірісті

DSC_0274

    Әуе кемесі Алматы облысында іздестіру-құтқару, өрт сөндіру жұмыстарын орындау, жолаушылар мен жүкті тасымалдау, патрульдеу, медицина және көлік қызметтерін көрсету үшін пайдаланылатын болады.

    Тікұшақ «Вертолеты России» холдингінің құрамына кіретін Улан-Удэ қаласының әйгілі авиациялық зауытында шығарылған. Қазіргі уақытта Ми-171Е тікұшағы осы класқа жататын барынша белсенді пайдаланылатын тікұшақ болып табылады. Арнайы тапсырыс бойынша әуе кемесі SX-16 прожекторымен, ВСУ-5А суағар құрылғысымен, қуатты жүкшығырмен және заманауи электрондық-навигациялық жүйемен жабдықталған. Техникалық ерекшеліктері бойынша осы тікұшақты бірегей тікұшақтардың қатарына жатқызуға болады. Ол  түрлі ауа райы жағдайларында, тропикалық және салқын климатта, сондай-ақ тұман кезінде ұшуларды орындай алады. МИ-171Е тікұшағы FAR-29 талаптарына сәйкес келеді және қауіпсіздік деңгейі бойынша А класына жатады.

    Қатарға қосылған МИ-171Е әуе кемесінен басқа, еліміздің бүкіл аумағы бойынша мамандырылған EC-145 (Еврокоптер), көп атқарымды КА-32A11BC, ең ірі көліктік Ми-26Т тікұшақтары, сондай-ақ Ми-8Т, Ми-8МТВ, Ми-171Е сериялы әуе құралдары кезекшілік етуде. Әуе паркінің жаңа тікұшақпен толықтырылуы ҚР азаматтарының денсаулығы мен мүлкін сақтау жөніндегі қызметтің шеңберінде мемлекеттің басымдығын көрсетіп отыр.

Comments are closed.