Авиация әкімшілігі мен «Қазавиақұтқару» АҚ басшылығы арасында кездесу өтті
Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасын орындау мақсатында Авиация әкімшілігі мен «Қазавиақұтқару» АҚ басшылығының жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылдың оң динамикасын атап өтіп, көтерілген мәселелерді одан әрі бірлесіп қарау және пысықтау жөнінде келісімге келді.
Кездесу барысында тараптар азаматтық авиацияны дамыту, авиация персоналын даярлау және оларды авиациялық қызметке жіберу тәртібін жетілдіру, заманауи технологияларды қолдану, сондай-ақ мамандарды кәсіби бағалау және сертификаттау мәселелерін талқылады.
Кадрлық әлеуетті дамытуға, ұшу және инженерлік-техникалық құрамдардың даярлық деңгейін арттыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылдың сындарлы сипатта болғанын атап өтіп, авиация саласын дамыту, персоналдың кәсіби құзыреттілігін арттыру және ұшу қауіпсіздігінің деңгейін одан әрі жоғарылату бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.