29.09.2026

"Қазавиақұтқару" АҚ Авиациялық қызмет саласындағы ынтымақтастықты дамытуда

"Қазавиақұтқару" АҚ басшыларының " ЮТэйр-Вертолетные услуги " АҚ өкілдерімен жұмыс кеңесі өтті, оның барысында тараптар ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын талқылады. 

Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және ұшуға жарамдылығын қолдау, сондай-ақ олардың техникалық жарамдылығы мен міндеттерді орындауға дайындығын қамтамасыз етуде тәжірибе алмасу және өзара көмек көрсету мәселелеріне басты назар аударылды. 

Өзара іс-қимылдың маңызды бағыты ұшу және кабиналық экипаждарды, сондай-ақ инженерлік-техникалық персоналды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру болып айқындалды. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар авиациялық қызметтің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында өзара іс-қимылды одан әрі дамытудың, тәжірибе алмасудың және ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.