«Қазавиақұтқару» АҚ және Omnipol Group авиациялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
«Қазавиақұтқару» АҚ базасында авиациялық техниканы пайдалану және оған техникалық қызмет көрсету саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесуге Omnipol Group компаниясының өкілдері, «Қазавиақұтқару» АҚ басшылығы, сондай-ақ тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында тараптар одан әрі ынтымақтастықты және авиациялық мамандарды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру бағытындағы өзара іс-қимылды талқылады.