20.10.2026

Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні мен Республика күніне орай «Қазавиақұтқару» АҚ қызметкерлері марапатталды.

Құтқарушы күні мен Ұлттық мереке- Республика күнін мерекелеуге орай қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және мемелекеттік азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін төмендегі қызметкерлер наградталады. 

«Азаматтық қорғау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен:

1. «Қазавиақұтқару» АҚ Инженерлік-авиациялық қызметінің жетекші инженері Нурматходжа Сейдиганиевич Нарматов;

«Құтқарушы» төсбелгісімен

1. «Қазавиақұтқару» АҚ Ұшу қызметі әуе кемесінің ұшқыш-нұсқаушысы Мурат Балташович Мусабеков.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Құрмет грамотасымен:

1. «Қазавиақұтқару» АҚ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің басшысы Бауржан Абаевич Сарсенбетов;

2. «Қазавиақұтқару» АҚ Ұшу қызметі әуе кемесінің нұсқаушы-ұшқышы Евгений Вячеславович Шимолин. 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Грамотасымен:

1. «Қазавиақұтқару» АҚ қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі қызметінің басшысы Бахытбек Сагатбекулы Камзинов;

2. «Қазавиақұтқару» АҚ инженерлік-авиациялық қызметі батыста өндірілген тікұшақтардың ұшу жарамдылығын жоспарлау және қолдау бөлімінің басшысы Талшын Нұртайқызы Еденбаева.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен:

1. «Қазавиақұтқару» АҚ бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жетекші маманы Назкүл Сәбитқызы Ерболаева; 

2. «Қазавиақұтқару» АҚ инженерлік-авиациялық қызметі ресейде тікұшақтардың ұшу жарамдылығын жоспарлау және қолдау бөлімінің ресейде өндірілген тікұшақтардың жоспарлау жөніндегі жетекші инженері Айгерим Саматовна Спанкулова.

Құтқарушы күні мен Ұлттық мереке – Республика күнін мерекелеуге орай азаматтық қорғау органдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы көп жылғы еңбегі үшін: «Еңбек ардагері» медалімен «ҚАзавиақұтқару» АҚ Ұшу қызметі әуе кемесінің бортмеханигі Алтынбек Аскарович Бекжанов награталды.