12.11.2026

ТЖМ авиациясы экипаждарына қолайлы жағдай жасалуда

Абай облысында «Қазавиақұтқару» АҚ экипаждарына арналған тұрғынжайлар жаңартылып, пайдалануға берілді.

Қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту аясында жүргізілген реновация жұмыстары нәтижесінде жайлы тұруға қажетті жағдайлар жасалды.

Жаңартылған тұрғынжайлар кезекшілік кезінде экипаждарды уақытша орналастыруға және олардың демалуына арналған. Бөлмелер қызметкерлердің жайлы тұруына, толыққанды тынығуына және қызметтік міндеттерін сапалы орындауына қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген.