16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні!
16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.
Бұл мереке халқымыздың ғасырлар бойғы арманының орындалуын, азаттық пен егемендіктің мәңгілік құндылық екенін айшықтайды. Тәуелсіздік жылдары еліміз саяси тұрақтылықты сақтап, экономикалық даму мен халықаралық ынтымақтастық бағытында маңызды жетістіктерге жетті.
Осы айтулы күні барша қазақстандықтарға амандық, бейбіт өмір, бірлік пен береке тілейміз. Әр отбасының шаңырағында татулық пен молшылық орнап, мемлекетіміздің болашағы жарқын болсын.
Тәуелсіздік күні құтты болсын!