ТЖМ авиаотрядының пилоты «Құрметті авиатор» төсбелгісімен марапатталды.
ТЖМ авиаотрядының пилоты «Құрметті авиатор» төсбелгісімен марапатталды
Азаматтық авиация қызметкерлері күнінің қарсаңында ҚР Көлік министрлігінде ведомстволық марапаттарды салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті.
Шараға ТЖМ «ҚазАвиаҚұтқару» АҚ бас директоры Алпамыс Камалов қатысты.
Азаматтық авиацияны дамытудағы еңбегі үшін, құтқару жұмыстарына белсене қатысып, ұзақ жылғы адал қызметі мен жоғары кәсібилігі үшін Ми-8 тікұшақтарының командирі Мухамед-Шарип Ермеков «Құрметті авиатор» төсбелгісімен марапатталды.
Қазіргі уақытта ол Алматы қаласындағы ТЖМ авиаотрядында қызмет атқаруда.
Мухамед-Шарип Ермеков авиация саласындағы еңбек жолын 1984 жылы бастаған. Ол қызмет барысында түрлі типтегі әуе кемелерін меңгеріп, тәжірибелі, тәртіпті және жауапты ұшқыш ретінде өзін көрсете білді. Қазіргі таңда Ми-8 экипажын басқарып, іздестіру-құтқару жұмыстары мен санитарлық авиация саласындағы ең күрделі тапсырмаларды орындайды.
Ең жауапты ұшулардың қатарында орман өртін сөндіру, әуе бақылауы және су түсіру жұмыстары, сондай-ақ COVID-19 пандемиясы кезінде шалғай елді мекендерден науқастарды қауіпсіз эвакуациялау сияқты миссияларды орындаған.