Авиация қауіпсіздігінің сенімді тірегі
Максат Баякенов – инженерлік дәлдік пен жауапкершілік үлгісі
Авиация саласында ұшқыштармен қатар әуе кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инженерлік құрамның орны ерекше. Солардың бірі – «Қазавиақұтқару» АҚ В1 жетекші инженері Баякенов Максат Алиакбарович.
Максат Баякенов 1979 жылы 16 тамызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тасбөгет ауылында дүниеге келген. Алматы көпсалалы техникалық-экономикалық колледжін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы «Қазавиақұтқару» ұжымында өрт сөндіруші әрі инженер-техник ретінде бастаған. Содан бері 20 жылдан астам уақыт бойы авиация саласында үздіксіз қызмет етіп келеді.
Өз ісіне адал маман ретінде ол әуе кемелерінің техникалық жарамдылығын қамтамасыз етіп, жүздеген қауіпсіз ұшулардың орындалуына үлес қосты. Жоғары жауапкершілік, кәсіби біліктілік және ұқыптылық – оның басты қағидаттары.
Максат Баякенов – авиация қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып жүрген тәжірибелі инженер, ұжымның сенімді тірегі.