«Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулар 06.11.2019

6 қарашада «Қыс-2019» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларының
аясында «Қазавиақұтқару» АҚ ЕС-145 тікұшағы Қарағанды облысында зардап
шеккендерді іздестіру, анықтау, көшіру және тасымалдау бойынша штабтың
тапсырмасын орындады. Оқу-жаттығудың түпкі ойына сәйкес, үш балықшы мұз
астында балық аулауға шыққан, ал қатты боранның салдарынан ауа-райы
қолайсыздығына ұшырады. Іздеу үшін бортында құтқарушылары бар тікұшақ ұшып
шықты. Іздестіру жұмыстарының барсында зардап шеккендер табылып,
медициналық мекемеге жеткізілді.