
«Қазавиақұтқару» АҚ Түркістан к-сі, 8/2 мекенжайында орналасқан «Қазавиақұтқару» АҚ кеңсесінде 2018 жылдың 12 маусымында сағат 10.30-да мүлікті сату аукционының өткізілетіндігін хабарлайды.
Ағылшын әдісі бойынша (бағасының өсуіне қарай) өткізілетін аукционға қойылады:
Лот №1. Land Cruiser үлгісіндегі TOYOTA маркалы автокөлігі, 2006 жылы шығарылған, сәйкестендіру нөмірі (VIN): JTECJ09J005512247, мемл. №273ВРО01. Теңгерім ұстаушы – «Қазавиақұтқару» АҚ. Бастапқы бағасы 1 709 000 (бір миллион жеті жүз тоғыз мың) тенге.
Кепілдеме жарнасы – лоттың бастапқы бағасының 1% теңге көлемінде, ол кассаға немесе Сатушының келесі есеп айырысу шотына енгізіледі:
«Қазавиақұтқару» АҚ
СТН 600500543549
БСН 050440005787
ЖСК KZ749261501177860000
БСК KZKOKZKX
«Казкоммерцбанк» АҚ
Бек 16
Қатысушы ретінде тіркелу үшін ұсынылатындар:
- Сауда-саттыққа қатысушы Жеңімпаз ретінде жариялаған жағдайда, ақпараттық хабарламада белгіленген талаптарға сәйкес активтерді сатып алу – сату шартын жасасуға оның жазбаша міндеттемесін қамтитын сауда-саттыққа қатысу туралы өтінімі;
- паспорт немесе жеке тұлғаны куәландыратын басқа құжат;
- ағымдағы шоттың бар болуын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасы;
- кепілдеме жарнасының енгізілгендігін растайтын төлем құжатының көшірмесі және көшірмелердің түпнұсқалылығын растау үшін төлем құжаттарының түпнұсқасы;
- өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;
- ҚР заңды тұлғалары жарғының, статистикалық карточка мен заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәліктің нотариуста расталған көшірмелерін табыс етеді. Шетелдік заңды тұлғалар нотариуста расталған орыс тіліне аударылған құрылтайшылық құжаттарды табыс етеді.
Өтінімдерді қабылдау мен сауда-саттыққа қатысқысы келетін тұлғаларды тіркеу талап етілген құжаттардың толық жинақтамасы болған жағдайда ғана жасалады.
Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу осы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталады және Астана қ., Түркістан к-сі, 8/2 мекенжайында орналасқан «Қазавиақұтқару» АҚ кеңсесінде аукционның басталуына 3 сағат қалғанда аяқталады.
Сауда-саттықты өткізу ережелері Ағылшын әдісі:
Аукционшы бастапқы бағаны және бағаны ұлғайту қадамын жариялайды. Сауда-саттыққа Қатысушы нөмірді көтеру арқылы бастапқы бағаны көтереді, бірақ жарияланған қадам бағасынан төмен емес. Аукционшы сауда-саттыққа қатысушылардың аукциондық нөмірлерін жариялайды және бағаны бекітіп оны көтеруге ұсыныс жасайды. Активтің сатылуы ең жоғары баға бергенге дейін жалғасады. Актив үшін ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы Аукционшы деп жарияланады. Аукционшы активтің соңғы бағасын үш рет қайталайды және егер басқа көтерілген нөмірлер болмаса, балғаның соғылуымен осы активтің сатылғанын жариялайды.
Актив бойынша сауда-саттық егер онда кемінде екі қатысушы болса және активтің бастапқы бағасы бағаның ұлғаюына қарай кемінде бір қадамға көтерілсе өткізілді деп есептеледі.