Қызметкерлер арасында тимбилдинг өтті 22.10.2022

Қызметкерлер арасында тимбилдинг өтті

 

 

Ағымдағы жылдың 21 қазанда «Қазавиақұтқару»                                            АҚ-да Құтқарушылар күніне арналған тимбилдинг өтті.

Іс-шараға қоғамның барлық қызметкерлері, оның ішінде оңтүстік және батыс аймақтық филиалдарының өкілдері, отбасы мүшелері, балалары мен немерелері қатысты.   

Бұл іс-шараның негізгі мақсаты ұжымның ұйымшылдығын, үйлесімдікте өзара іс-қимыл жасау қабілетін арттыру.  

Барлық жеке құрам 9 командаға бөлінді, әрқайсысы 14 адамнан тұрды. Онда әр команданың өз атауы, ұраны, эмблемасы болды.                                               Конкурстар жеделдікке, шығармашылыққа бағытталған тапсырмалардан тұрды.                             

 Бәсекелестік рухы, ерекшеленуге деген ұмтылыс командаларды тапқырлыққа итермеледі. Әр команда әр конкурста ерекшелне білді.    

«Менің әкем құтқарушы» балалар байқауы  3 бағыттан тұрды, онда әр түрлі жастағы балалар қатысты: сурет байқауы, эссе байқауы, музыкалық байқау, олардың нәтижелерін қазылар алқасының мүшелері бағалады және сыйлықтар мен жүлделі орындар берілді: велосипедтерден, электр скутерлерден бастап шоколад себеттерінің жиынтығына дейін. Балалар байқауына әр өңірден барлығы 40-тан астам бала қатысты. 

Шарада дарынды ата-аналар, дарынды балалар болды.  Мұндай  іс-шаралардың қажет екені даусыз.

 

«Қазавиақұтқару»  АҚ