АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА  03.08.2018

«Қазавиақұтқару» АҚ Түркістан к-сі, 8/2 мекенжайында орналасқан «Қазавиақұтқару» АҚ кеңсесінде, №1501 кабинетте 2018 жылдың 22 тамызында сағат 10.30-да мүлікті сату бойынша аукцион өткізілетіндігін  хабарлайды.

Голланд әдісі бойынша (бағасының төмендеуіне қарай) өткізілетін аукционға қойылады:

Лот №1. Land Cruiser үлгісіндегі TOYOTA маркалы автокөлігі, 2006 жылы шығарылған, сәйкестендіру нөмірі (VIN): JTECJ09J005512247, мемл. №273ВРО01. Теңгерім ұстаушы – «Қазавиақұтқару» АҚ. Бастапқы бағасы 1 709 000 (бір миллион жеті жүз тоғыз мың) тенге.

Кепілдеме жарнасы – лоттың бастапқы бағасының 1% теңге көлемінде, ол кассаға немесе Сатушының келесі есеп айырысу шотына енгізіледі:

«Қазавиақұтқару» АҚ

СТН 600500543549

БСН 050440005787

ЖСК KZ516017111000000522

БСК HSBKKZKX

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

БеК 17

 

Қатысушы ретінде тіркелу үшін ұсынылатындар:

- Сауда-саттыққа қатысушы Жеңімпаз ретінде жариялаған жағдайда, ақпараттық хабарламада белгіленген талаптарға сәйкес активтерді сатып алу – сату шартын жасасуға  оның жазбаша міндеттемесін қамтитын  сауда-саттыққа қатысу туралы өтінімі;

- паспорт немесе  жеке тұлғаны куәландыратын басқа құжат;

- ағымдағы шоттың бар болуын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасы; 

- кепілдеме жарнасының енгізілгендігін растайтын төлем құжатының көшірмесі және көшірмелердің түпнұсқалылығын растау үшін төлем құжаттарының түпнұсқасы;

- өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат;

- ҚР заңды тұлғалары жарғының, статистикалық карточка мен заңды тұлғаның тіркелуі туралы куәліктің нотариуста расталған көшірмелерін табыс етеді. Шетелдік заңды тұлғалар нотариуста расталған орыс тіліне  аударылған құрылтайшылық құжаттарды табыс етеді.

Өтінімдерді қабылдау мен сауда-саттыққа қатысқысы келетін тұлғаларды тіркеу талап етілген құжаттардың толық жинақтамасы болған жағдайда ғана жасалады.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу осы ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталады және Астана қ., Түркістан к-сі, 8/2 мекенжайында орналасқан «Қазавиақұтқару» АҚ кеңсесінде аукционның басталуына 3 сағат қалғанда аяқталады.

Сауда-саттықты өткізу ережелері Голланд әдісі:

Аукционшы активтің бастапқы бағасын жариялайды және жаңа бағаны жариялай отырып, оны жарияланған қадамға төмендетеді. Аукционшы жарияланған баға кезінде аукциондық нөмірді бірінші көтерген Қатысушының нөмірін айтады және балғаны соғумен оны осы актив бойынша Жеңімпаз деп жариялайды. Аукционшы активтің ең төмен бағасын жариялаған кезде ешбір Қатысушы осы активті сатып алуға ниет білдірмесе, осы актив сауда-саттықтан алынып тасталады.

            Бағаны жариялау сәтінде бірден екі немесе одан артық нөмір көтерілсе, Аукционшы Жеңімпаз анықталғанға дейін тұрақтандырылған қадам мөлшеріне бағаны арттыруға бастайды. Жарияланған қадам голланд әдісі бойынша сауда-саттықта белгіленген қадамға тең болуға тиіс, бірақ арту жағына қарай. Бағаны арттыру кезінде сауда-саттыққа қатысқан, өз нөмірлерін бір уақытта көтерген тұлғалардың ешқайсысы оны арттырылған бағамен сатып алуға ниет білдірмесе, Аукционшы жеребе тастау рәсіміне жүгінуге құқылы. 

Актив бойынша сауда-саттық өткізілген мезетте пайдаланылмаған кепілдік жарнасы бар бір ғана тіркелген Қатысушы болса, ондай сауда-саттық, актив жалғыз Қатысушыға берілуі мүмкін үшінші және одан кейінгі сауда-саттықтарды қоспағанда, өтпеген деп танылады.