«Қазавиақұтқару» АҚ жолаушыларды жедел тасымалдау үшін әуе кемелерін ұсынады. Компания халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету және науқастар мен зардап шеккендерді шұғыл тасымалдау (эвакуациялау) мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитарлық авиация орталығының мүддесі үшін мамандандырылған авиациялық техникамен ұшуларды орындайды.
Тікұшақ техникасы мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін науқастар мен зардап шеккендерді шалғайдағы елді мекендерден аймақтық, облыстық, республикалық медициналық мекемелерге дейін тасымалдау үшін қажетті шараларды қамтамасыз ететін дефибриллятор, өкпені жасанды желдету жүйесі, көктамыр инфузиясы үшін жүйе және басқа да медициналық жабдықтармен жабдықталған.
Компанияның экипаждары күрделі метеожағдайларда, таулы жерлерде және түнгі уақыттарда ұшуларды орындауға рұқсаты бар.