«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары өрт сөндірушілерді, құтқарушыларды, техникалық өрт сөндіру құралдарын жедел жеткізеді, сондай-ақ, өту жолдары болмаған немесе жол кептелістері мен тежеу болған жағдайларда зардап шеккендерді көшіреді.
Компанияның авиапаркі өрт сөндіру үшін тамаша құрал болып табылатын  Simplex компаниясының «Fire Attack» өрт сөндіру жүйесімен және су зеңбірегімен қала жағдайында оңай қозғалатын әмбебап өрт сөндіру тікұшақтарымен қамтылған.