
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасын енгізу туралы» 1993 жылғы 12 қарашадағы Жарлығына сәйкес 15 қарашада теңге айналымға енгізілді. Содан бері осы күн ресми ұлттық валюта – Теңге күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып саналады.
Қаржыгерлер күні және ұлттық валюта күні ең ыстық құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
Сіздерге жұмыстарыңыздың келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге, және де кәсіпкерлік секторының қаржы жағынан ырысты-берекелі болуына мүмкіндік туғызуға бағытталуына тілектеспіз .
Дендеріңіздің сау, еңбектеріңіздің жемісті болып, қаржылық қызметте тұрақтылық пен жаңа белестерге жетулеріңізге жүрекжарды тілегімізді білдіреміз!
Отбастарыңызда амандық, татулық пен келісім орнасын. Қаржылық тәуелсіздік молшылықтың бастауы болсын.