Monthly Archives: Маусым 2014

«Қазавиақұтқару» журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

«Дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу жолында мемлекеттік мүдде мен ұлттық ұстанымды басты бағдарға айналдырған  Бұқаралық ақпарат құралдарының жауапкершілігі айрықша.  Бұл ретте біздің қызметімізде сенімді серіктес болғандарыңыз үшін зор алғыс білдіре отырып,  жұмыстарыңызға табыс,  дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және  шығармашылық өрлеу тілеймін. Мереке құтты болсын!»  дей келе, Серік Қапаров қалам ұстаған[...] Read More →

«Жасыл белдеудің» жай-күйі «Қазавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер» тікұшағымен бақыланды

    Астана күні қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорданың «Жасыл белдеуін» аралап,  биыл ғана салынған «Сафари паркінде» болды.  Қаланы жағалаған «жасыл белдеуді» аралауды Елбасы дәстүрге айналдырған. Нұрсұлтан Назарбаев  жасыл белдеуді алдымен тікұшақпен аралап, нулы орманның жай-күйін  қыран қалықтар биіктіктен бақылады.  Ал орманды әуеден түсіру жұмыстары «Қазавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер» тікұшағымен[...] Read More →

«Қазавиақұтқару» ұшқыштарының дер кезінде хабарлауы нәтижесінде 5 спортшы құтқарылды

    Балқаш көлінде өткен «Балқаш-2014» жиылмалы және үрлемелі желкенді қайық жарысы бойынша әлем чемпионатында төтенше жағдайсыз болмады. Жарыстың бірінші күні-ақ, журналистердің көзінше бір қайық аударылды. Екінші күні тағы бірнешеуі аударылды. «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының «Еврокоптер» тікұшағының ұшқыштары 5 спортшының өмірін арашалап қалуға тікелей атсалысты. Жарыс қауіпсіздігін әуеден бақылаған «Қазавиақұтқару» АҚ [...] Read More →

Қазақстанда алғаш рет велоспорттан өткен Азия чемпионатында “Қазавиақұтқару”АҚ Eurocopter ЕС-145 тікұшағымен әуеде аэротүсірілім жасады

Астана мен Қарағандыда өткен велоспорттан Азия чемпионатында «Қазавиақұтқару» АҚ әуеде аэротүсірілім жасады. Әуедегі түсірілім «Қазспорт» арнасында тікелей эфирде берілді. ЕС-145 – ұшу қауіпсіздігінің халықаралық талаптарына толықтай сәйкес келетін заманауи тікұшақтардың ең озығы саналады. Тректегі жарыстар Астанадағы “Сарыарқа” велотрегінде, ал тасжолдағы велобәйгелер Қарағандыда ұйымдастырылды. Құрлық біріншілігіне 31 мемлекеттен жалпы саны 500-ден[...] Read More →

«Қазавиақұтқару» АҚ ауғанстандық студенттерді ТУ-134 ұшағымен тасымалдауды жүзеге асыруда

Кезекті оқу жылының аяқталуына орай, Қазақстанда білім алып жатқан ауғанстандық студенттер жазғы демалысқа елдеріне қайтарылуда. Шетелдік тәлімгерлерді тасымалдауды ҚР ТЖМ қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ жүргізіп жатыр. Алматы- Кабул- Алматы бағыты бойынша барлығы 584 студент Ауғанстанға аталған мекеменің ТУ-134 ұшағы  мен туған жерлеріне жеткізіледі. Студенттердің соңғы легі 5 шілдеде  Кабулға табан тірейді[...] Read More →