«Қазавиақұтқару» АҚ «Парамедик» бағдарламасы бойынша өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруда

img_4404

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің авиациясы болып табылатын «Қазавиақұтқару» АҚ еліміздің шалғай жатқан мекендерінде қиыншылыққа тап болған азаматтарға бірінші болып қол ұшын беру мүмкіндігіне ие. Осы жайт ұшу және инженерлік-техникалық персоналдан адам өмірін сақтап қалу үшін алғашқы секундтар мен минуттардан бастап дұрыс әрекет етуді талап етеді. Осы талаптың аса маңыздылығын ескере отырып, «Қазавиақұтқару» АҚ ұшу-техникалық персоналды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды тұрақты негізде өткізіп, оларға қатысып жүреді.

Ү.ж. 6 және 10 маусым аралығында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдарі» АҚ Оқу-клиникалық орталығында «Қазавиақұтқару» АҚ ұшу және инженерлік-техникалық персоналы «Парамедик» бағдарламасы бойынша даярлау және біліктілік арттыру курстарынан өтті.

Симуляциялық оқыту технологияларының арқасында, зардап шеккендерге жедел жәрдем көрсету жөніндегі теориялық білім мен тыңғылықты практикалық дағдылар ойдағыдай игерілді. Бағдарлама медициналық білімі жоқ тұлғалар үшін арнайы әзірленді.

Оқу барысында «Қазавиақұтқару» АҚ қызметкерлері өздерінің функционалдық міндеттерін орындай отырып, қажеттілік туындағанда төтенше жағдайлар кезіндегі іздестіру және авариялық-құтқару жұмыстары барысында құтқарушы-парамедиктердің іс-әрекет алгоритмдерін, сондай-ақ алған білім мен дағдыларды өз-өзіне және басқаларға көмек көрсету кезінде тиімді пайдалана алатын болады.

Comments are closed.