«Қазавиақұтқару» АҚ авиациялық техниканың өндірушілерімен ынтымақтастықты нығайту үстінде

kadex

2 және 5 маусым аралығында халықаралық «KADEX-2016» көрмесінің шеңберінде ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің басшылығы «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып ірі авиациялық техника өндірушілерінің қойылымдарын қарап шықты. Көрме авиақұрылыс саласының заманауи зерттемелерін, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы негізгі үрдістерді бағалауға мүмкіндік берді.

Көрмедегі ең көрнекті қойылымдардың бірін «Ресей Тікұшақтары» компаниясы ұсынды. Аталған компания тікұшақ жасау саласындағы әлем көшбасшыларының бірі, сондай-ақ заманауи әскери және азаматтық тікұшақтарды жобалау, шығару, сынау және оларға техникалық қызмет көрсету мүмкіндігіне ие компаниялардың бірі болып табылады.

«Ресей Тікұшақтары» компаниясымен өткен кездесуге қазақстандық тараптан ҚР Ішкі істер вице-министрі Ю.В. Ильин, Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Р. Беккер мен «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры М.Д. Досымбеков қатысты. Тараптар «Қазавиақұтқару» АҚ авиациялық паркін нығайтудың маңыздылығына тоқталып, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне болашақта Ми және Ка үлгілеріндегі тікұшақтар қажет болатындығын жете түсініскен. Кездесудің нәтижесінде өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылып, оны іске асыру барысында бірқатар екіжақты кездесулер көзделген.

Сонымен қатар, көрмеге жасалған сапардың аясында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті авиациясының көпжылдық серіктесі «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» компаниясымен кездесу өткізілді. Eurocopter EC 145 тікұшақтары қатарынан бірнеше жыл бойы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, сондай-ақ санитарлық авиация бойынша ұшуларды орындап жүр. Кездесудің шеңберінде медициналық жәрдем көрсетуге, іздестіру мен құтқаруға, өрт сөндіруге және т.б. бағытталған тәсілдермен «Қазавиақұтқару» АҚ авиапаркін ұлғайту мәселелері талқыланған болатын. Кездесудің нәтижесінде бірлескен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданып, ниет туралы хатқа қол қойылды.

Осы және басқа да кездесулер «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамына төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қызметтердің сапасын көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беретін болады.

Comments are closed.