«Қазавиақұтқару» АҚ мен Safran Helicopter Engines компаниясы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
2026 жылғы 1 маусымда Астана қаласында «Қазавиақұтқару» АҚ ғимаратында әлемдік жетекші авиациялық қозғалтқыш өндірушілерінің бірі – Safran Helicopter Engines компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге Safran Helicopter Engines Germany GmbH компаниясының Қазақстан нарығына жауапты өкілдері – коммерциялық өкіл Алексей Энгельгардт пен техникалық өкіл Константин Виттенбек қатысты. «Қазавиақұтқару» АҚ тарапынан басшылық құрам, авиациялық инженерлік қызмет мамандары және басқа да құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында тараптар қалыптасқан серіктестікті одан әрі нығайтуға және авиациялық қауіпсіздік пен техникалық қолдау саласындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға өзара мүдделілік білдірді.