"Қазавиақұтқару" АҚ жолаушыларды шұғыл тасымалдау үшін әуе кемелерін ұсынады. Компания халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету және науқастар мен зардап шеккендерді жедел тасымалдау (эвакуациялау) мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық санитариялық авиация орталығының мүддесі үшін мамандандырылған авиациялық техникамен ұшуды орындайды.
Тікұшақ техникасы дефибрилляторды, өкпені жасанды желдету жүйесін, көктамырішілік инфузияларға арналған жүйені және науқастар мен зардап шеккендерді шалғайдағы елді мекендерден оларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін аудандық, облыстық, республикалық медициналық мекемелерге тасымалдау үшін қажетті шараларды қамтамасыз ететін өзге де медициналық жабдықтарды қамтитын медициналық модульмен жабдықталған.
Компания экипаждарының күрделі метеожағдайларда, таулы жерлерде және тәуліктің қараңғы уақытында ұшуларды орындауға рұқсаты бар.