Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет офицері
Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы № 802 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына» енгізілген қадамдардың бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді құруды заңнамалық бекіту болып табылады.
Осыған байланысты, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес 2024 жылғы 1 қаңтарда Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицер лауазымы енгізілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қағидаттарына сәйкес «Қазавиақұтқару» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) басшылығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенстің тиімділігіне, Қоғам қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге мүдделі.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою және азаматтық авиация саласындағы өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру саласындағы саясатты іске асыра отырып, «Қазавиақұтқару» АҚ мынадай міндеттерді іске асыруға ұмтылады:
- Қоғамның оң имиджін қалыптастыру және орнықты дамуын қамтамасыз ету, оның ішінде Қоғамда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ескерту және олардың алдын алу құралдарын енгізу арқылы;
- Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру;
- Қоғамда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
- ҚР заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
- Қоғамда жұмыс істейтін адамдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау және олардың жағымсыз салдарын болдырмау - Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру (сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік және теріс көзқарас) мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қоғам қызметкерлеріне консультациялық қолдау көрсету және сенім телефоны арқылы, сондай-ақ жеке кездесулер кезінде сыбайлас жемқорлық көріністері туралы хабарламалар қабылдау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы стратегиялық бағыттарды іске асыру үшін Қоғам мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
- басшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің ашықтығы;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің тәуелсіздігі;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру;
- авиациялық қызметтер нарығына тұрақты мониторинг жүргізу, мүдделі тараптардың талаптары туралы ақпаратты талдау;
- мүдделі тараптардың Қоғам тарабынан шарттық қатынастарды орындау деңгейі мен мерзімдеріне қанағаттану дәрежесін арттыру;
- жұмыс уақытын ұтымды пайдалану, олардың жұмыс орындарының бағдарламалық-техникалық және коммуникациялық құралдармен жабдықталуын жақсарту жолымен Қоғам қызметкерлерінің еңбек тиімділігін арттыру;
- мүдделі тараптардың талаптары мен үміттерін барынша қанағаттандыру үшін, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әрбір қызметкердің өз еңбегінің сапасы үшін жауапкершілігін арттыру және шығармашылық көзқарас үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүзеге асыратын мамандардың құзыреттерін үнемі арттыру.
Мекен - жайы: Қазақстан, Астана қ., Б. Момышұлы даңғылы 2/11, 411 кабинет
E-mail: m.sabenov@kazaviaspas.kz
Сенім телефоны: +7 (7172) 27-22-46
"Қазавиақұтқару" АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі