Науқас ТЖМ тікұшағымен тасымалданды
Павлодар облысы Ақтоғай ауданы аттас ауылдың тұрғынына тар маманның шұғыл медициналық көмегінің қажеттілігі туындады.
Сол себепті бортта мобильді бригадасы бар ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы медициналық авиация желісі бойынша кезекті тасымалдауды жүзеге асырды.
Облыс орталығында 1977 ж.т. науқасты медициналық авиацияның реанимобилі күтіп алып, емдеу мекемесіне жеткізді.