27.06.2025

«Қазавиақұтқару» АҚ қатысуымен іздестіру-құтқару бойынша үйлестіру оқу-жаттығулары өтті

Бекітілген жоспарға сәйкес, Батыс Қазақстан облысында әуе кемелерін іздестіру және құтқару бойынша үйлестіру оқу-жаттығулары өткізілді.

Іс-шараға «Қазавиақұтқару» АҚ, РМК «Қазаэронавигация», Қазақстанның Авиациялық әкімшілігі, сондай-ақ БҚО ТЖ департаменті қатысты. Жаттығу барысын халықаралық бақылаушы ретінде Росавиация өкілдері бақылап отырды.

Оқу-жаттығу барысында авиациялық, құтқару және үйлестіру құрылымдары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктері пысықталып, авиациялық оқиғалар жағдайында әрекет етуге арналған күштер мен құралдардың дайындығы тексерілді.

«Қазавиақұтқару» АҚ оқу-жаттығу аясында іздестіру-құтқару міндеттерін орындау үшін авиациялық техника мен мамандарды жұмылдырды.