07.08.2025

Тестирование

2025 жылдың мамыр-шілде айлары аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» АҚ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі «Қазавиақұтқару» АҚ орталық аппараты мен өңірлік басқармаларының қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын білуге тестілеу өткізді.  

Тестілеу нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен заңнаманың негізгі талаптары бойынша хабардарлық пен тиісті білімді көрсетті.

Тестілеу шегінен өтпеген қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білуге қосымша сабақтар өткізілді.  

         Оқыту шеңберінде Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және жоюға бағытталған шараларды қабылдау бойынша түсініктемелер берілді.

2024 жылдың 1 қаңтарында құрылған Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің жұмысына, сондай-ақ, қаржы саласындағы, мемлекеттік сатып алу, персоналды басқару және тағы басқалар бойынша Қоғамның басшылығы тарапынан қабылданатын шараларға ерекше назар аударылды.  

         Тестілеу және тестілеу нәтижелерін талқылау қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет Қоғам басшылығына «Парақорлыққа қарсы күрес менеджменті жүйесі» ISO 37001:2016 талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, заңнаманы білуге және Қоғамда енгізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесін қолдауға бағытталған осындай іс-шараларды жыл сайын өткізу туралы ұсыныс жасады.  

 

 

«Қазавиақұтқару» АҚ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс - қызметі