Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің авиациясы ресей туристерін эвакуациялады

kzavia4
Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сыртқы әлемнен тыс жердегі Шелек өзенінің жоғары жағынан Ресей Федерациясының азаматтары – туристер тобын (9 бала және 2 ересек адам) эвакуациялау қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті. Шақырту 9 тамызда түсті, бірақ кешкі уақытта тікұшақты көтеруге болмайтындықтан, келесі күні таңертең ұшу туралы шешім қабылданды. ҚР ІІМ ТЖ комитеті Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жолға шыққан жағдайда туристер тобына жету уақыты 2-2,5 тәулікті құрайтын еді. Сонымен қатар ҚР ІІМ ТЖ комитеті Дағдарыс жағдайларында басқару орталығының жедел кезекшілері туристермен жиі байланысқа шығып отырды. 10 тамызда оларды эвакуациялау үшін оқиға орнына ҚР ІІМ ТЖ комитетінің Ка-32 тікұшағы жіберілді, туристер Боролдай әуежайына аман-есен жеткізілді.
Жалпы 2016 жылдың басынан бастап ҚР ІІМ ТЖК авиациясы қиын жағдайларға тап болған азаматтарға көмек көрсету үшін 316 ұшу болды. Атырау облысында жаңа туған баланы құтқару оның жарқын мысалдарының бірі болды.
2016 жылғы 17 қаңтарда  ауыр халде туған үшемдердің біріне шұғыл түрде білікті медициналық көмек қажет болды. Республикалық санитарлық авиацияның екі дәрігері, сондай-ақ құрамында В.Н. Чуркеев пен О.Н. Гельвер бар «Қазавиақұтқару» АҚ экипажы 1 айлық үшемді және олардың анасын облыстық клиникалық ауруханаға жеткізді. Құтқарылған кішкентай азаматтар ТЖК авиациясының Республикалық санитарлық авиация орталығымен жүргізген табысты жұмыстарының жалғыз мысалы ғана емес: 2016 жылғы бірінші жартыжылдықта 135 сырқат адам, дәрігерлер «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағымен жеткізілді, оқиға орнында 5 консультация және 4 ота жасалды.
Бұдан басқа ТЖК авиациясы Алматы қаласы мен Алматы облысында селдің орын алу қаупін болдырмау бойынша жұмыстар жүргізді. «Қазселденқорғау» ММ-мен бірге үнемі мұздықтар мен мұздақтарды бойлай ұшып өту жұмыстары жүргізілуде, бақылау бекеттерінің қызметі ашылып, жұмысын жалғастыруда, сондай-ақ көлдерді мұздардан босату үшін жабдықтарды жеткізу жүзеге асырылды.

Comments are closed.