«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтарымен сел жүрген аумақтарды әуеден барлау жұмыстарын жүргізуде

23 шілде күні «Қазавиақұтқару» АҚ Алматыда сел жүрген аумақтарда әуеден барлау жұмыстарын үздіксіз жалғастырып жатыр. Бұған КА-32 және Еврокоптер – 145 тікұшақтары жұмылдырылды. Қарғалы өзеніндегі бөгеттен бастап сел жүрген бүкіл аумақтардағы ахуал бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті мен  Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне шұғыл ақпараттар мен деректер жіберіліп[...] Read More →

«Қазавиақұтқару» АҚ «КА-32» тікұшағы арқылы өртсөндірушілермен бірге өз мүмкіндіктерін пысықтады

Астана маңындағы  «жасыл аймақ» қызыл жалынға оранды. Далалы алқап Астана орманына жақын болғандықтан елорданың барлық құтқару қызметі аяғынан тік тұрды. Тілсіз жауды ауыздықтауға бірден өрт сөндіру бригадаларымен қатар  әуе күші де тартылды. «Қазавиақұтқару» АҚ тиесілі «КА-32» тікұшағы арқылы өрт жайлаған аумаққа 4 рет су шашылды. Сондай-ақ, өрт сөндіру қызметінің 3-МӨСБ[...] Read More →

«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтары Тараздағы химиялық қауіпсіздікке бағытталған жаттығуларға қатысты

Жамбыл облысы Тараз қаласы маңындағы полигонында өткен  «Химиялық қауіпсіздік – 2015» халықаралық командалық-штабтық жаттығуларына «Қазавиақұтқару» АҚ екі МИ-26 және бір «Еврокоптере ЕС-145» тікұшағы  қатысты. Ал жаттығу шартты түрде «минералды тыңайтқыштар» зауытында химия өнімдерін тасымалдайтын вагон аударылып, улы заттардың  ауаға тарауы бойынша өрбіді. Мұның салдарынан дизель отынын тиеген 60 тонналық цистерна[...] Read More →

«Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ка-32 тікұшағымен биік тауларда бақылау бекеттері ашылды

2015 жылдың 13 шілдесінде «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ка-32 тікұшағымен «Қазселденқорғау» ММ бақылау және құлақтандыру қызметі, биік таулардағы Үлкен Алматы өзені алабындағы «Құмбел-бастау», Талғар өзені алабындағы «Большая Поляна», «Большой ключ» және «Альплагерь», Есік өзені бойындағы «Ақкөл» алабына гидрометерологиялық ахуалын мониторингтеу үшін маусымдық бақылау бекеттері орнатылды. Қосымша осы «Қазавиақұтқару» АҚ-ның Ка-32 тікұшағымен Талғар[...] Read More →

«Қазавиақұтқару» АҚ және Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі бірлесіп жаттығу өткізді

Алматыда «Қазавиақұтқару» АҚ мамандары мен Алматы қаласы Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті  «Өрт сөндіру және апаттық құтқару қызметі» мемлекеттік басқармасының қызметкерлері арасында  бірлескен оқу-жаттығу шарасы өтті. Боралдай әуежайындағы шара қос мекеме мамандарының төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар туындаған жағдайда  бірлескен іс –қимылдарын үйлестіру жұмыстарына бағытталды.  Мәселен, оқу-жаттығу барысында биік ғимараттар және [...] Read More →

Мереке күндері «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшақтарымен 11 адам ауруханаларға тасымалданды

Мереке күндері «Қазавиақұтқару» АҚ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Республикалық санитариялық авиация орталығымен бірлесіп, 11 науқасты ауруханаларға тасымалдады. Олардың бірі жаңа туған нәресте болса, жетеуі ауыр халдегі жүкті әйелдер. Жаңа туған нәресте мен оның анасын мамандар Жамбыл облысының Қордай аудандық перзентханасынан Таразға жеткізсе, жүкті[...] Read More →

«Қазавиақұтқару» АҚ қызметкерлері мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істеді

Астана күнін мерекелеу кезінде «Қазавиақұтқару» мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеді. 4,5,6,7 шілде күндері «Қазавиақұтқару» АҚ филиалдары мен барлық мекемелерінде арнайы кезекшілік ұйымдастырылып, әуе кемелері шұғыл жағдайларда әрекет етуге әзір тұрды. «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Серік Қапаров мереке қарсаңында арнайы жиын өткізіп, компания қызметкерлерін тәуелсіз еліміздің тұғырлы мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, тәулік[...] Read More →

«Қазавиақұтқару» АҚ КА-32 тікұшағымен сел қауіпі бар аумақтар әуеден бақыланды

30 маусымда «Қазавиақұтқару» АҚ КА-32 тікұшағымен Іле Алатауының орталық бөлігіндегі сел қауіпі бар өзендерді бойлай әуеден бақылау жүргізілді. «Қазселденқорғау» Мемлекеттік мекемесімен бірлескен аэровизуалды бақылау шарасы 3 сағатқа созылды. Су бассейндеріне теңіз деңгейінен 4000 метр биіктіктен шолу жасалды. Әуеден бақылау шарасының мақсаты  – Алматы қаласы мен облысы аумағындағы Іле Алатауы шатқалындағы[...] Read More →

«Қазавиақұтқару» АҚ – «Хабар» агенттігі, «Таң», «Мир» арналары және интернет порталдар мен ақпарат агенттіктері тілшілеріне сұқбат берді

Алматы облысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқарушылары арасында өткен бірлескен оқу-жаттығуы шеңберінде «Қазавиақұтқару» АҚ басшылығы мен пилоттары бұқаралық  ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат берді. «Хабар» агенттігі, «Таң» және «Мир» арналары мен интернет порталдардың, ақпарат агенттіктері тілшілерінің сұрақтарына «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Серік Қапаров,  жаттығу-семинарында Еврокоптер – 145 тікұшағын тізгіндеген пилот-нұсқаушы Торғаев Марат[...] Read More →

«Қазавиақұтқару» АҚ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқарушылары арасындағы жаттығуды сәтті аяқтады

Алматы облысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқарушылары арасында  бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды.  «Қиратушы жер-сілкінісі кезіндегі жедел әрекетті ұйымдастыру және орындау» деп аталатын  халықаралық жиынға   «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі «Еврокоптер- 145» және «КА-32» мен МИ-26  тікұшағы, сондай-ақ 100- ден аса мамандары жұмылдырылып, өз міндеттемесін жоғары деңгейде орындап шықты. Атап айтсақ, әлемдегі ең үлкен МИ—26[...] Read More →