«Қазавиақұтқару» АҚ КА-32 тікұшағымен сел қауіпі бар аумақтар әуеден бақыланды

30 маусымда «Қазавиақұтқару» АҚ КА-32 тікұшағымен Іле Алатауының орталық бөлігіндегі сел қауіпі бар өзендерді бойлай әуеден бақылау жүргізілді. «Қазселденқорғау» Мемлекеттік мекемесімен бірлескен аэровизуалды бақылау шарасы 3 сағатқа созылды. Су бассейндеріне теңіз деңгейінен 4000 метр биіктіктен шолу жасалды. Әуеден бақылау шарасының мақсаты  – Алматы қаласы мен облысы аумағындағы Іле Алатауы шатқалындағы[...] Read More →

«Қазавиақұтқару» АҚ – «Хабар» агенттігі, «Таң», «Мир» арналары және интернет порталдар мен ақпарат агенттіктері тілшілеріне сұқбат берді

Алматы облысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқарушылары арасында өткен бірлескен оқу-жаттығуы шеңберінде «Қазавиақұтқару» АҚ басшылығы мен пилоттары бұқаралық  ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат берді. «Хабар» агенттігі, «Таң» және «Мир» арналары мен интернет порталдардың, ақпарат агенттіктері тілшілерінің сұрақтарына «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Серік Қапаров,  жаттығу-семинарында Еврокоптер – 145 тікұшағын тізгіндеген пилот-нұсқаушы Торғаев Марат[...] Read More →

«Қазавиақұтқару» АҚ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқарушылары арасындағы жаттығуды сәтті аяқтады

Алматы облысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқарушылары арасында  бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды.  «Қиратушы жер-сілкінісі кезіндегі жедел әрекетті ұйымдастыру және орындау» деп аталатын  халықаралық жиынға   «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі «Еврокоптер- 145» және «КА-32» мен МИ-26  тікұшағы, сондай-ақ 100- ден аса мамандары жұмылдырылып, өз міндеттемесін жоғары деңгейде орындап шықты. Атап айтсақ, әлемдегі ең үлкен МИ—26[...] Read More →

«Қазавиақұтқару» АҚ ҰҚШҰ және ШЫҰ мүше мемлекеттердің құтқарушылары арасындағы жаттығуға қатысуда

     Алматы облысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің құтқарушылары арасында  бірлескен оқу-жаттығуы өтіп жатыр.   «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонындағы ауқымды шараға  «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі «Еврокоптер- 145» және «КА-32» мен МИ-26  тікұшағы, сондай-ақ 100- ден аса мамандары да жұмылдырылды.  Орта Азиядағы орасан зілзалаларға қарсы қимылдарды пысықтауға бағытталған оқу-жаттығуларға Қазақстан,  Беларусь, Қырғызстан, Ресей,[...] Read More →

«Қазавиақұтқару» АҚ пилоттары Алматы облысындағы «ҚАЗҚҰТҚАРУ-2015» халықаралық жиын-семинарына қатысуда

Алматы облысында «ҚАЗҚҰТҚАРУ-2015»  халықаралық жиын-семинары басталды. Халықаралық деңгейдегі шараға «Қазавиақұтқару» АҚ-ның екі «Еврокоптер- 145» және «КА-32» тікұшағы мен 50 –ден аса мамандары да жұмылдырылды. Іле өзенінің бойындағы оқу-жаттығу-машықтану полигонындағы жаттығуларға құтқару бөлімшелері арасында жарыс өтуде. Құтқару көпсайысы бойынша өтетін сынға Әзірбайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Қазақстаннан командалар қатысып жатыр.[...] Read More →

9 – мамыр Жеңіс күніне орай «Қазавиақұтқару» АҚ бір топ қызметкері Алғысхатпен марапатталды

9 –мамыр Жеңіс күніне орай «Қазавиақұтқару» АҚ бір топ қызметкері Алғысхатпен марапатталды.  «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры С.Қапаров мерекелік жиналыста сөз сөйлеп, компания қызметкерлерінің мемлекет алдындағы борышын атқарудағы еңбектерін атап өтіп, барша ұжымды Ұлы жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі. Қызметін адал атқарғаны, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен орындағаны[...] Read More →

«Қазавиақұтқару»АҚ ұшқыштары Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатысты

«Қазавиақұтқару» АҚ ұшқыштары Астанада 7 мамыр күні өткен Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған әскери шеруге қатысты.  Мереке күні Астана көгіне өзге әскери әуе техникаларымен қатар бір КА – 32, екі ЕС-145, екі МИ-26 маркалы 5 тікұшақ көтеріліп, олардың тізгінін «Қазавиақұтқару» АҚ білікті де тәжірибелі ұшқыштары ұстады. Шеруге «Қазавиақұтқару» АҚ[...] Read More →

“Қазавиақұтқару” АҚ Азаматтық авиация академиясының ашық есік күні мен еңбек жәрмеңкесіне қатысты

“Қазавиақұтқару” АҚ авиация саласы бойынша келесі үш жылдыққа 200-ге жуық  жұмыс орнын ұсынады. Бұл туралы Алматыдағы Азаматтық авиация академиясының ашық есік күндері және еңбек жәрмеңкесіне  қатысқан “Қазавиақұтқару”АҚ бас директоры С. Қапаров мәлімдеді. Студенттермен кездескен авиациялық құтқару қызметі саласындағы жетекші компанияның басшысы   ”Қазавиақұтқару” АҚ даму тарихын, жетістіктерін, болашақ жоспарларын таныстырды.  ”Елбасымыздың[...] Read More →

“Қазавиақұтқару” АҚ жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы «Жетісу» телеарнасында көрсетілді

Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы «Қазавиақұтқару» АҚ жұмысы мен алдағы жоспарлары туралы арнайы хабар шығарды. Телеарнаға бас директордың жедел жұмыс және өндіріс жөніндегі орынбасары Досымбеков М.Д. сұхбат беріп,  ”Қазавиақұтқару” АҚ даму тарихы, жетістіктері және болашақ жоспарларымен бөлісті. Журналистті авиақұтқару саласындағы бірегей компанияның жұмысы, әсіресе облыс аумағында атқарылған шаралар қызықтырды. Айта кету[...] Read More →

Су тасыған аумақтан 40 адам тікұшақпен қауіпсіз жерге көшірілді

«Қазавиақұтқару» АҚ  су тасқыны болған аймақтарда тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары мен жүктелген міндеттемені абыройлы атқарды. Атап айтсақ, 15 сәуірде Солтүстік- Қазақстан облысы,  Уәлиханов ауданы, Қаратал ауылы тұрғындарын су тасқыны болуы мүмкін аймағында орналасқандықтан, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көрші Қулыкөл ауылына уақытша тұру үшін  «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағымен 40 адамды көшірді.[...] Read More →